КАНВОНДО ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ) АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯЛАРЫ FOODEXPO QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІНДЕ 11,2 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА ЭКСПОРТТЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
FOODEXPO QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІ ЖАҚЫНДА ҒАНА АЯҚТАЛҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, ЭКСПОНЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫНЫҢ НАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР КЕЛІП ТҮСУДЕ.
Компаниялар қол жеткізілген келісімдер, жаңа іскерлік байланыстар және экспорттық келісімшарттар жасасу перспективалары туралы хабарлауда. Бұл көрмеге деген жоғары коммерциялық қызығушылықты растайды.
Алғашқылардың бірі болып өз нәтижелерімен Канвондо провинциясының экономикалық даму агенттігі (Оңтүстік Корея) бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, Корея Республикасы көрмеде бірнеше ұлттық экспозицияның бірімен таныстырылды. Президенті Со Дон Мённің басшылығымен жұмыс істейтін Канвондо провинциясының экономикалық даму агенттігі (Gangwon State Economic Promotion Agency) FoodExpo Qazaqstan 2026 халықаралық азық-түлік көрмесіне қатысуының сәтті аяқталғанын хабарлады. Қатысу қорытындысы бойынша Канвондо провинциясының 12 азық-түлік компаниясы жалпы сомасы 11,2 млн АҚШ долларын құрайтын 78 экспорттық келіссөз жүргізді. Қазіргі уақытта 6 млн доллар сомасына 12 келісімшарт жасасу мәселесі талқылануда. Сонымен қатар кореялық компаниялар жергілікті серіктестермен жалпы сомасы 2,59 млн АҚШ долларын құрайтын 8 өзара түсіністік туралы меморандумға (MOU) қол қойды. Бұл келісімдер экспорттық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ұзақ мерзімді іскерлік әріптестіктер орнатуға негіз қалайды.
Көрме барысында орнатылған байланыстарға сүйене отырып, агенттік қатысушы компаниялар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы келіссөздерді сүйемелдеуді жалғастыруды жоспарлап отыр. Көрмеге қатысу агенттіктің Канвондо провинциясындағы азық-түлік кәсіпорындарына Орталық Азияның жаңа нарықтарын игеруге қолдау көрсету жөніндегі жұмысының бір бөлігі болды.
Көрме аясында агенттік Канвондо провинциясының ұжымдық стендін ұйымдастырып, бес азық-түлік компаниясының тікелей қатысуын қамтамасыз етті:
- Namul Caeneun Gom (Индже);
- Badabon Co., Ltd. (Вонджу);
- Shinjin Foods Co., Ltd. (Тонхэ);
- Haedam Co., Ltd. (Сокчхо);
- Jeongseon Blueberry Cooperative (Чонсон).
Өнімдерді жергілікті нарықта тиімді ілгерілету мақсатында әрбір компанияға жеке аудармашылар ұсынылып, қазақстандық сатып алушылармен келіссөздер жүргізу кезінде ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. Бұл қатысушыларға жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және экспорттық жеткізілімдердің перспективаларын зерделеуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Канвондо провинциясының тағы жеті азық-түлік компаниясы көрмеге сырттай қатысып, провинцияның Ресейдегі өкілдігі жүзеге асыратын «Канвондоның экологиялық таза өнімдер павильоны» қолдау жобасы аясында өз өнімдерінің үлгілерін ұсынды.
Қатысушылардың алғашқы нәтижелері халықаралық сауданы дамыту, жаңа әріптестіктер орнату және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту алаңы ретінде көрмелердің практикалық маңыздылығын айқын көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 11–13 қараша аралығында «Атакент» ҚІЫО аумағында екі салалық көрме — FoodExpo Qazaqstan және QazPack — әлемнің 35 елінен келген 628 компанияның басын қосты. Үш күн ішінде бір мезгілде өткен Horex Qazaqstan және CleanExpo Qazaqstan көрмелерін қоса алғанда, бірыңғай көрме алаңына 55 елден келген 9 365 бірегей маман келді.
Көрмелерді ұйымдастырушылар — Қазақстанда көрмелерді ұйымдастыруда 30 жылдан астам тәжірибесі бар Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.
Көрменің ресми серіктесі — Польша Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігінің KOWR ұйымы.
FoodExpo Qazaqstan көрмесі Алматы қаласы әкімдігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақ тағамтану академиясының ресми қолдауымен өтті.



