LIFESTYLE VENTURES SDN BHD
2003 жылғы 10 қыркүйекте құрылған Lifestyle Ventures Sdn Bhd компаниясы 20 жылдан астам салалық тәжірибе жинақтап, Малайзиядағы чили бұрышынан өнім шығаратын
жетекші әрі ең беделді өндірушілердің біріне айналды. Біз FSSC 22000, HALAL, MESTI және SEDEX талаптарына сай келетінімізді, сондай-ақ 50 Enterprise 2019 марапатының иегері болғанымызды мақтан тұтамыз.
Салада сенімді беделге ие Lifestyle Ventures чили пастасын, самбал мен тұздықтарды өндіруге және таратуға, сондай-ақ балғын және кептірілген көкөніс саудасына маманданған.
Сапа, инновация және тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қағидаттарына сүйене отырып, біз негізгі құндылықтарымызды сақтап, нарық сұранысына сай үнемі дамып келеміз.
2025 жылғы 25 мамырда біз ASEAN Outstanding Women Entrepreneur Excellence Award – АСЕАН-ның кәсіпкер әйелдердің үздік жетістіктеріне арналған марапатына ие болдық.
Бұл – көшбасшылығымыздың, табандылығымыздың және өңірдің тамақ өнеркәсібіне қосқан үлесіміздің мойындалуы. Бұл марапат жетілуге, адам мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоғамға оң ықпал етуге деген ұмтылысымызды көрсететін маңызды белес болды.
Стратегиялық өсу және инновациялар
Lifestyle Ventures өз қызметін чили негізіндегі өнімдерге баса назар аударудан бастап, қысқа мерзімде Малайзиядағы балғын чили, кептірілген чили және чили пастасының жетекші жеткізушілерінің біріне айналды.
Нарықтағы сұраныс артқан сайын, кеңірек аудиторияны қамту үшін өнімдердің жаңа санаттарын игердік.
Өсуді қолдау және операциялық тиімділікті жоғары деңгейде сақтау үшін біз қадағалануды, қорларды басқаруды және өндіріс тиімділігін арттыратын кешенді кәсіпорын ресурстарын жоспарлау (ERP) жүйесін енгіздік. Зауыт дәл өлшеуді, деректерді нақты уақыт режимінде талдауды және өндірістің барлық кезеңінде сапаны тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін озық заттар интернетін (IoT) қолдайтын өлшеу жүйесімен де жабдықталған.
Біздің брендтеріміз
Man Fook – бүгінге арналған дәстүр дәмі
Біздің ерекше Man Fook өнімдер желісі қазіргі қарқынды өмір салтына арналған, ньонья асханасынан шабыт алған самбал мен тұздықтарды ұсынады.
Тағам малып, ас даярлап, грильге пісіріп немесе маринадтап қолдансаңыз да, Man Fook өткенді еске түсіретін қанық дәм сыйлап, күріш пен кеспеден бастап сұлы мен нанға дейінгі түрлі өнімдермен тамаша үйлеседі.
Ықыласпен және дәстүрге құрметпен жасалған Man Fook көптеген отбасының сүйікті брендіне айналды. 2023 жылы біздің қытырлақ саңырауқұлақ қосылған веган чили тұздығымыз (Vegan Crispy Mushroom Chili) әлемдік тамақ индустриясындағы инновацияларды дәріптейтін Anuga Taste Innovation Show іс-шарасының үздік он жеңімпазының қатарына енді. Man Fook – дәміне тоймайсыз! Соңғы тамшысына дейін ләззат алыңыз!
Manzil – малайзиялық тез пісетін кеспе
Жергілікті дәмді әлем дастархандарына жеткізетін Manzil дәстүрлі малайзиялық кеспені жергілікті және халықаралық тұтынушыларға арналған ыңғайлы тез пісетін тағамға айналдырады.
Осылайша біз Малайзияның төл дәмдерін кез келген жерде әр адамға қолжетімді етеміз.
Орнықты даму және ESG қағидаттарына бейілділік Lifestyle Ventures орнықты дамуға және экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарын сақтауға бейілді:
Көміртек шығарындыларын азайту үшін күн энергиясын пайдалану
Экономикалық өсуді қолдау және кедейлікті азайту үшін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту бастамалары
Тағам қауіпсіздігіне, таза энергияға және әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аудару (Путра-Хайтстағы газ құбыры өртінен зардап шеккендерге көмек көрсету және
Субанг-Джаядағы SS15 сауда нүктемізде D’special Day аясында өткен Game Fest іс-шарасын қолдау және оған қатысу)
ӨНІМДЕРІМІЗ:
- САРЫМСАҚ ҚОСЫЛҒАН ТӘТТІ ЧИЛИ ТҰЗДЫҒЫ

- ТАУЫҚ ЕТІ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШКЕ АРНАЛҒАН ЧИЛИ ТҰЗДЫҒЫ

- MAMA САМБАЛЫ

- НАСИ-ЛЕМАКҚА АРНАЛҒАН САМБАЛ

- САҢЫРАУҚҰЛАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚЫТЫРЛАҚ ЧИЛИ ДӘМДЕУІШІ

- САРЫМСАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚЫТЫРЛАҚ ЧИЛИ ДӘМДЕУІШІ

- АСШАЯН ҚОСЫЛҒАН ҚЫТЫРЛАҚ ЧИЛИ ДӘМДЕУІШІ

- -де жасалған



