28-ші Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесі

«ПЕТЕЛИНКА» БРЕНДІНІҢ ҚҰС ЕТІНЕН ЖАСАЛҒАН ӨНІМДЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САТЫЛА БАСТАДЫ

Петелинка Экспорт 1408х960 KZ 5

Мәскеу, Ресей – 6 қараша – Ет өндіру бойынша елдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Черкизово» тобы «Петелинка» брендімен құс етінен жасалған өнімдерін Қазақстан Республикасында сата бастады. Тұтынушылар өнімнің кең ассортиментін офлайн да, онлайн дүкендерден де сатып ала алады.
«Петелинка» сауда маркасы Ресей нарығында, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында тауық еті өнімдері бойынша сатылым көшбасшысы болып табылады. Бұл маркамен шығарылатын өнім құрамында Е-қоспа жоқ, барлығы қатаң технология талаптарына сай өндіріледі. Осылайша еттің құрамы сақталады, сапасы жоғары ал дәмі ерекше болып шығады.
2025 жылдың күзіне қарай брендтің кең ассортименті Қазақстан тұтынушыларына да қолжетімді болды. Енді олар тұтас тауықты, сан, сирақ, қанат және оның иық бөлігі секілді өнімдерді сатып ала алады. Сондай-ақ сатылымда инновациялық вакуумдық-порция қаптамасындағы төс филесі пайда болды. Бұл қаптама өнімнің сақтау мерзімін ұзартып, бөлек секция арқасында етті бөліп пайдалану мүмкіндігін береді, әрі оның балғындығы мен сапасын ұзақ уақыт сақтайды.

«Петелинка» брендімен шығарылатын өнімдер қазірдің өзінде Metro Cash&Carry, Toimart, Carefood сауда желілерінде, сондай-ақ Airba Fresh, Arbuz, Baron интернет-дүкендерінде қолжетімді.

Бренд өнімдерінің ассортиментімен FoodExpo Qazaqstan 2025 көрмесінде танысуға болады – 11-павильон, 11-558 стенді.

«Черкизово» тобы туралы

«Черкизово» тобы Ресейде құс еті нарығында – 1-орында, күркетауық еті нарығында – 2-орында, шошқа еті нарығында – 5-орында, ал ет өңдеу өнімдері нарығында – 3-орында тұр. Компанияның құрамына 15 құс өсіру кешені, 20 шошқа кешені, 13 ет өңдеу кәсіпорны, 13 құрамажем зауыты, май өндіру зауыты және жалпы ауданы 367 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері кіреді.
Компанияның 2024 жылғы біріктірілген табысы 259,3 млрд рубльді құрады. Топтың танымал брендтерінің қатарында «Черкизово», «Петелинка», «Куриное царство», «Пава-Пава» және басқа да маркалар бар.
Компанияның басты артықшылығы – дәнді дақылдарды өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді біріктіретін тік интеграцияланған агроөндірістік құрылым болып табылады. Компания өз өнімдерін 20-дан астам елге экспорттайды.

www.cherkizovo-group.com

 

  • -де жасалған