FoodExpo Qazaqstan 2020 көрмесіндегі жаңа болмыста азық-түлік пен сусындарды өндіру және дистрибуция
Азық-түлік және сусындарды өндірушілер мен дистрибьютерлерге арналған жарқын кәсіби оқиға – 23-ші Орта Азиялық «Азық-түлік өнеркәсібі» - FoodExpo Qazaqstan 2020 халықаралық көрмесі 4 қараша мен 6 қараша аралығында Алматы қаласы, «Атакент» Көрме Орталығында өтеді.
2020 жылдың күзінде FoodExpo Қазақстан мен Орталық Азияның азық-түлік өнеркәсібінің басты В2В-алаңына қайта айналмақ, ол жаңа болмысқа сәйкес саладағы күштердің таралуын көрсетеді. Көрме сараптамалық қоғамдастықтың пікірталастарына, жабдықтардың, ингредиенттердің әлемдік жаңалықтарына, тамақ өнімдерін дайындаудың өндірістік үдерістерін оңтайландыру жөніндегі технологиялық бастамаларға, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің тамақ индустриясын дамытудың әртараптандырылған сценарийлерін салалық пысықтауға толы болады.
23 жыл ішінде тікелей салалық өзара іс-қимыл алаңынан көрме отандық және шетелдік өндірушілер үшін азық-түлік нарығындағы бағдарға айналды, Қазақстан саласының бүгінгі көптеген көшбасшылары үшін бастау нүктесі болды, сонымен қатар FoodExpo Qazaqstan өңіраралық ынтымақтастық алаңы мәртебесін ие болды. Жыл сайын елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін жақын және алыс шетелдік мемлекеттердің салалық Министрліктері және ведомстволарының қолдауымен 10-нан аса ұлттық экспозициялар көрмеге шығады.
Биылғы жылы өндірушілердің ұлттық стендтерін Ауғанстан, Оңтүстік Корея, Германия, АҚШ, Ресей және т. б. елдер ұсынады. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының 15-тен астам өңірлік экспорттық орталықтары Ресей кәсіпорындарының Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес-қауымдастығымен іскерлік байланыстарын жолға қою үшін ұжымдық экспозицияларды қалыптастырып жатыр.
FoodExpo Qazaqstan бірыңғай экспобренді төмендегі бағыттар бойынша мамандандырылған салалық көрме экспозицияларының кешені болып табылады:
- Азық-түлік өнеркәсібі – FoodExpo – www.foodexpo.kz
- Ауыл шаруашылығы - AgroWorld – www.agroworld.kz
- Суық қойма және логистика – ColdChain - www.coldchain.kz
- Қаптама және Қаптау жабдығы – QazPack – www.kazupack.kz
- Қонақүйлерге, мейрамханаларға, супермаркеттерге арналған жабдықтар - Horex – www.horexexpo.kz
Foodexpo Qazaqstan 2020-да 450-ден астам компания экспоненттер қатарында болады деп күтілуде, бүгінгі күні олардың қатысуын Беларусь, Бельгия, Германия, Дания, Үндістан, Иран, Италия, Қытай, Корея, Қырғызстан, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей, Словения, АҚШ, Тайланд, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Шри-Ланка компаниялары растады.
Қатысушылар өз өнімдерін тамақ саласының барлық сегменттері бойынша ұсынады: қайта өңдеу, қуыру, кептіру, салқын қойма, орау және басқарларды қамтитын өндірістік желілер мен жабдықтардан, мейрамхана-қонақ үй бизнесіне арналған жабдықтар мен өнімдерден бастап, дайын өнімдер мен сусындардың – кондитерлік өнімдер, сүт және ет өнімдері, тағамдар мен бакалеялар, шай және кофе, сондай-ақ қоспалар мен дәмдеуіштердің кең ассортиментіне дейін.
2019 жылы көрме өз шекарасын кеңейтіп, 10 000 шаршы метрге жайылды, бір алаңда 450-ден астам қатысушы компания мен 41 елден 5 445 бірегей кәсіби келушілерді біріктірді, осылайша FoodExpo Qazaqstan көрмесі әлемнің 41 елінен бизнестің тікелей өзара іс-қимылының ең ауқымды салалық алаңына айналды.
Жыл сайын FoodExpo Qazaqstan Қазақстан Республикасы Ауыл шаршуалығы министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, салалық одақтар мен бірлестіктердің қолдауымен өтеді.
Көрмені ұйымдастырушы Қазақстандық ITECA көрме орталығы болып табылады.
Көрмені ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдардың, ДДСҰ мен Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) ұсыныстарын басшылыққа алады және көрмені өткізу кезеңінде COVID 19 таралуына жол бермеу бойынша санитарлық-гигиеналық сипаттағы барлық іс-шараларды, санитарлық өңдеуді және дезинфекциялауды қамтамасыз етеді.