26-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесі
26-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесі

AgriFood Qazaqstan 2020: Агроөнеркәсіптік кешен өсімінің нүктелері

Бүгін, 4 қараша күні AgriFood Forum Qazaqstan пікірталас алаңы аясында төмендегідей мәселелерге арналған екі тақырыптық сессия өтті:

  • Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар тарту;
  • Қазақстандағы жеміс-көкөніс бизнесі: covid'19 әсері және дағдарыстан шығу жолдары.

Талқылауға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктерінің, салалық қауымдастықтар мен одақтардың, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен бизнес өкілдері қатысты.

Жаңа жағдайларда ұлттық экономиканы жаңғырту үшін инвестиция тарту өте маңызды, өйткені ол өңірлерді дамытуда қалыптасқан дағдарыс құбылыстарын жеңуге, қолданыстағы өндірісті көтеру және кеңейту арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Сапалы өнім алуға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялардың мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық әсері болады, олар: халықтың жұмыспен қамтылуын және табыс деңгейін ұлғайту, жергілікті фермерлер мен кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, өткізу нарықтарын кеңейту, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары туралы айта отырып, аграрлық сала мемлекеттік басымдыққа айналғанын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде АӨК инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етуі мүмкін. Мемлекетті ғана емес, ірі компанияларды да тарту – бұл тікелей инвестицияларды тартуға ғана емес, сонымен қатар технологиялар мен басқарушылық тәжірибелер трансферіне, еңбек өнімділігінің өсуіне, шетелдік нарықтарға шығу және өндірістің жаһандық тізбектеріне енуге жол ашады.
Қайта өңдеу секторынан басқа, Қазақстан жылыжай шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бұл экспорттық бағыт ретінде де, маусымаралық кезеңде халықтың ішкі қажеттілігін қанағаттандыру тұрғысынан да тартымды.

Ауыл шаруашылығы құралымдарының инвестициялық тартымдылығын дамытуда ерекше рөл республика өңірлеріне тиесілі. Облыстық әкімдіктер мен ӘКК өкілдері бүгінгі таңда өңірлерде істің қалай жүріп жатқанын айтып берді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Алматы облысында жаңа жайылымдарды айналымға тартудың арқасында соңғы жылдары бордақылау алаңдарының саны артқанын атап өтті. Өңірде сүт-тауар фермалары белсенді дамуда, олардың саны 82 бірлікке жетті. «Алматы облысының фермерлері үшін ауғымды жобаларды дамыту маңызды болып табылады. Біз қазір американдық Tyson Foods компаниясының жобасымен жұмыс істеп жатырмыз - бұл ет өндірудегі әлемдік көшбасшы. Қазір жер береміз, осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісімшартқа қол қойылуда. Осындай ауқымды жобалардың айналасында ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады деп ойлаймыз», - деді Серік Тұрдалиев. «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанова ауданы 1000 гектарға жуық бақша салу туралы ақпаратпен бөлісіп, оларды лизингке беру сызбасын пысықтады. Мемлекет әкімдік атынан ӘКК арқылы немесе сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге тікелей қатысуға дайын: суару қамтамасыз етіледі, жолдар тартылады, электр энергиясы тартылады. AgriFood Forum Qazaqstan аясында Герман-Қазақстан аграрлық-саяси диалог ұйымының басшысы Александр Барневиц Еуропалық одақтан инвестициялар тарту перспективалары туралы айтып берді. ЕО инвестицияларын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, сондай-ақ құрылысқа, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын шығару бойынша өндірістер құруға тартуға болады. Сессия спикерлердің белсенді диалогымен және аудиторияның сұрақтарына жауап берулерімен аяқталды.

Қазақстандағы жеміс-көкөніс бизнесіне арналған сессия мазмұнды және белсенді болып өтті. АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының м.а. Назгүл Өтепова жылыжай шаруашылықтары мен бақтарды мемлекеттің қолдау шаралары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта ҚР ішкі нарықты 2021-2023 жылдарға арналған азық-түлік тауарларымен толықтыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленуде. Жоспардың бір бағыты - жеміс-жидек, ең алдымен алма өндірісін ұлғайту. Жаңа піскен картоптың қазақстандық нарығын дамыту болжамымен Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер Одағының Басқарма төрағасы Қайрат Бисетаев бөлісті. Онлайн-форум барысында мемлекеттік қолдау қажеттілігі мен мониторингтің ашық жүйесі туралы Алматы облысы бағбандар қауымдастығының өкілі Арсен Рысдәулетов айтты. Ресейден келген әріптестер көкөністер мен жемістерді сақтау мен өңдеудің жаңа технологияларын қолдану тәжірибесімен, сондай-ақ жаңа санаттағы жеткізушілерге ресейлік гипермаркеттердің өзекті талаптарымен бөлісті. «Prime Agro Group» ЖШС Басқарушы директоры Айдар Баймахан жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізушілерге ірі ритейлерлердің талаптары туралы айтып берді.

Ертең 5 қараша күні онлайн-форумның мамандандырылған сессиясы өтеді, ол нан пісірудің жаңа технологияларын талқылауға және жаңа жағдайларда наубайханаларды оңтайландыруға арналады.

Сіздер төмендегі сілтеме бойынша өтіп конференция бағдарламасымен толығырақ таныса және оған қатыса аласыздар: https://agroworld.kz/online-forum/