26-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесі
26-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесі

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ МЕН СУСЫНДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ДИСТРИБЬЮЦИЯЛАУ МАМАНДАРЫ ЖЕКЕ КЕЗДЕСУЛЕРГЕ ҚАЙТА ОРАЛАДЫ – FOODEXPO QAZAQSTAN 2021 КӨРМЕСІ ОФЛАЙН ФОРМАТЫНДА

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ МЕН СУСЫНДАРДЫ ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ДИСТРИБЬЮТОРЛАР ҮШІН ЖАРҚЫН КӘСІБИ ОҚИҒА - 23–ШІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ» FOODEXPO QAZAQSTAN 2021 КӨРМЕСІ - ҚАТЫСУШЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ СТЕНДТЕРІНДЕ 3-5 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР МЕН КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТЫНДА ӨТЕДІ.

2021 жылдың күзінде FoodExpo Қазақстан мен Орталық Азияның тамақ өнеркәсібінің басты В2В-алаңына айналады, ол саладағы күштердің жаңа болмысқа сәйкес бөлінуін көрсететін болады. Көрме стендтерінде тамақ өнімдері мен сусындардың жетекші өндірушілері кез келген санаттағы ассортимент қатарын кеңейту үшін Қазақстан ритейліне жаңа өнімдер ұсынады. Көрме сарапшылар қауымдастығының пікірталастарымен, жабдықтардың, ингредиенттердің әлемдік жаңалықтарымен, тамақ өнімдерін дайындаудың өндірістік процестерін оңтайландыру жөніндегі технологиялық бастамалармен, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің тамақ индустриясын дамытудың әртараптандырылған сценарийлерін салалық пысықтаумен толықтырылатын болады.

23 жыл ішінде көрме тікелей салалық өзара іс-қимыл алаңынан отандық және шетелдік өндірушілер үшін азық-түлік нарығындағы басты бағдарға, осы саладағы Қазақстанның көптеген бүгінгі көшбасшылары үшін бастау алу нүктесіне айналды, және одан бөлек, FoodExpo Qazaqstan өзіне өңіраралық ынтымақтастық алаң мәртебесін бекітті. Жыл сайын елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін көрмеге жақын және алыс шетел мемлекеттерінің салалық Министрліктері мен ведомстволарының қолдауымен ұйымдастырылған 10-нан астам ұлттық экспозициялар шығады.

Биыл көрмеге Беларусь, Германия, Индонезия, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және басқа да елдер ұлттық стендтермен қатысуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясының 17-ден астам өңірлік экспорттық орталығы Ресей кәсіпорындарының Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес-қоғамдастығымен іскерлік байланыстарын жолға қою үшін ұжымдық экспозициялар қалыптастыруда.

FoodExpo Qazaqstan бірыңғай экспобренді төмендегі бағыттар бойынша мамандандырылған салалық көрме экспозицияларының кешенін ұсынады:

  • Тамақ өнеркәсібі – FoodExpo – www.foodexpo.kz
  • Ауыл шаруашылығы - AgroWorld – www.agroworld.kz
  • Суық қойма және логистика – ColdChain - www.coldchain.kz
  • Орау и Орау жабдықтары – QazPack – www.kazupack.kz
  • Қонақ үйлер, мейрамханалар, супермаркеттеге арналған жабдықтар - Horex – www.horexexpo.kz

FoodExpo Qazaqstan 2021 экспоненттер қатарында 400-ден астам компанияны күтуде, бүгінгі күні Беларусь, Бельгия, Германия, Индонезия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Нидерланды, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Словения, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея компаниялары өз қатысуларын растады.

Қатысушылар өз өнімдерін тамақ саласының барлық сегменттері бойынша ұсынады: өңдеу, қуыру, кептіру, суық қойма, буып-түю және т. б., мейрамхана-қонақ үй бизнесіне арналған жабдықтар мен өнімдерден бастап, дайын өнімдер мен сусындардың кең ассортиментіне дейін – кондитерлік өнімдер, сүт және ет өнімдері, снектер мен бакалея, шай мен кофе, сондай-ақ қоспалар мен дәмдеуіштерге дейін.

Жыл сайын FoodExpo Qazaqstan көрмесі экспоненттер үшін көптеген міндеттердің шешімдер спектрін кеңейтеді және биылғы жыл да дәл солай. Аталмыш алаңда қатысушы­компаниялардың келесідей  мүмкіндіктері бар:

  • кәсіби дегустациялық байқауға қатысып, салалық сапа белгісі – «FoodExpo Qazaqstan үздік өнімі» Алтын Медалін алуға
  • бөлшек сауда желілерін сатып алу Орталығының эксклюзивті кездесулері шеңберінде Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның да ритейлінің жетекші желілерімен тікелей келіссөздер жүргізуге
  • өзекті кәсіби «ауырсыну» мәселелерін талқылау және жыл сайынғы Қазақстан Технологтар Клубының тамақ өндірісі технологтарының салалық кездесуінде тәжірибе алмасу
  • AgriFood Forum алаңында өз өндірісінің технологиялық шешімдерінің инновациялары туралы хабарлама жасауға
  • Bake Show практикалық алаңында ингредиенттер мен жабдықтарды жұмыста көрсету
  • Қазақстанның жетекші салалық басылымының мамандандырылған Press Point көрме стендіндегі кәсіби сұхбатының қатысушысы болу және т. б.   

Жыл сайын FoodExpo Qazaqstan Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, салалық одақтар мен қауымдастықтардың қолдауымен өтеді.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық ITECA көрме компаниясы болып табылады.

Көрмені ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдардың, ДДСҰ және Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) ұсынымдарын басшылыққа алады және көрме барысында COVID 19 таралуын болдырмау үшін санитарлық-гигиеналық сипаттағы барлық іс-шараларды, санитарлық өңдеуді және дезинфекциялауды қамтамасыз етеді.